МОДО-ға дайындық жоспарын іске асыру мақсатында Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясының пән мұғалімдері тестілеу базасын құрып 2025 жылдың 24 ақпан күні Ы.Мұхамеджанов атындағы орта мектепке барып 9-сынып оқушыларына химия,физика,ағылшын тілі,география пәндерінен сынақ тестілеуін өткізді. Тестілеуге 17 оқушы қатысты.Байқау сынағының нәтижелері тірек мектеп мұғалімдері тарапынан тексеріліп,магниттік мектептермен өзара талдау жұмыстары жүргізілетін болады.Оқушылардың білім деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары әлі де жалғасын таба бермек. @mugalzhar_bilim_bolimi

