Skip to content

🏆ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ🏆 қысқы эстафета Мектеп-гимназияда ерекше білімді қажет ететін оқушылар…

🏆ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ🏆 қысқы эстафета
Мектеп-гимназияда ерекше білімді қажет ететін оқушылар арасында “Жеңіске бірге” атты қысқы эстафета спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл үлкен маңызға ие спорттық жарыс, сондай-ақ балалардың физикалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына оң әсер етеді. Командалық ойында балалардың, яғни ата -анасының бір-бірімен қарым-қатынасы, бірлесе әрекет етуді және достық қарым-қатынас орнатуды үйретеді.
Осындай қолдау арқылы балалар өздерін сенімді, маңызды әрі бағалы екендігін сезінеді.
❄️Жарыста балалар белсенділік танытып, бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара соңында балаларға мектеп-гимназия директоры атынан мақтау қағазы беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бүгінгі іс-шараға белсенділік танытқан ата-аналарға, қолдау көрсеткен әр оқушының класс жетекшісіне мектеп-гимназия әкімшілігі тарапынан алғыс білдіреміз!
Ұйымдастырушылар: әлеуметтік педагогтар-Ж.Умирзакова, Г.Дуйсенгали. Психологтар: М.Уразалина, Ж.Ахметбекова. Спорт нұсқаушылары: М. Такешов, А.Оразбағамбетов
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *