Skip to content

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ – ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚҚА МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ Кәсіптік бағдар…

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ – ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚҚА МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжіне барды.

Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжі 2011 жылдан жұмысын бастаған.. Қазіргі таңда колледжде 500-ге жуық студент білім алуда. 8 мамандық бойынша кадр дайындайды.

Студенттерге 32 педагог білім береді. Колледжде студенттік театр, үйірмелер, шығармашылық топтар жұмыс жасайды. “Қазақстан қалаларына саяхат” жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Адаев Аманжол атындағы “Адаев стипендиясы” үздік студенттерге ақшалай сыйақы ретінде беріледі.

Колледж оқытушылары мектеп оқушыларына колледж дайындайтын мамандықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар оқу орнының артықшылықтары туралы мәліметтер берілді. Колледж түлектерін жұмыспен қамту және жоғары оқу орнына түсуіне жетекшілік жасайды.

Кездесу барысында мектеп оқушылары өздеріне мамандықтар, факултеттері және қалай оқуға түсуге болатыны жайлы көп мағлұматтар алды.

Жалпы алғанда, кәсіптік бағдар түлектерге (мектеп оқушыларына) дұрыс бағыт көрсетіп, табысты мансап пен өзін-өзі жүзеге асыруға берік негіз қалайды.

Кәсіби бағдар беруші педагог А. С Әбентаева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *