Skip to content

Бұл видеоны балаңызға көрсетіңіз — бұл оларды қиындықтан сақтап қалуы…

Бұл видеоны балаңызға көрсетіңіз — бұл оларды қиындықтан сақтап қалуы мүмкін.
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дроп үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді (ҚР ҚК 232-1-бап).
Бұл нені білдіреді?
Интернеттегі қылмыскерлер жасөспірімдерді алаяқтық схемаларға тартып, «жеңіл табыс» уәде етеді:
❌ «Картаңды бер – пайыз аласың»
❌ «Атыңа есепшот аш та бізге бер»
❌ «Жай ғана аударымды қабылда да, ақшаны шешіп ал»
Бейқам ұсыныс сияқты көрінуі мүмкін. Ал шын мәнінде — бұл қаржылық алаяқтыққа қатысу.
Балаңыз қылмысқа қатысы барын өзі де білмей қалуы мүмкін.
Карта бұғатталады, баланы полицияға шақыруы мүмкін. Ата-аналар да жауапкершілікке тартылуы ықтимал. Ал қылмыскерлер қорқытып, мәжбүрлеуге көшеді.
Балаларға міндетті түрде:
❗Карта деректерін, кодтарды ешкімге беруге болмайтынын
❗ Күмән тудыратын жағдайда ата-анасына немесе сенімді ересекке бірден айту керек екендігін түсіндіріңіз.
Балаларыңызды қорғаңыз. Бұл туралы бүгін айтып беріңіз!
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#кибералаяқ
#киберқылмыс

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *