Түнгі рейд – тыныштықтың кепілі
Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен білім алушылардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүруі қылмыстылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 21-22 наурыз күндері №3 мектеп-гимназиясының ер мұғалімдері тарапынан ерікті түрде түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.
Түнгі рейдке Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Г.Нурмағамбетова, Г.Байтакова, мектеп гимназия директоры Д.Ибрашева, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Отаралин жастар жиі шоғырланатын ойын-сауық орталықтарымен дүкендерді аралап, қатаң бақылау жасады.
Рейд барысында жасөспірімдердің құқықбұзушылық және басқа да келеңсіз жайттар орын алған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.