Skip to content

22 -НАУРЫЗ КҮНІ ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫ №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА “ТӨРЛЕТ,НАУРЫЗ – ЖЫЛ…

22 -НАУРЫЗ КҮНІ ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫ №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА “ТӨРЛЕТ,НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ!”АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ.

Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңаратын, бәріміз үшін берекенің бастауы болған мейрам. Тамыры тереңге кеткен мереке-халқымыздың ырысы мен бірлігі, өнері мен мәдениеті, дәстүріміз бен дініміздің өзегі. Бұл күні адамдар өзара өкпе-назын ұмытып,татуласқан. Ақ дастарқан басында ақжарқын көңілмен қауышып, жеті түрлі дәмнен тұратын наурыз көжеден дәм татқан. Тал көшеттері егіліп, бұлақ көзі ашылатын болған. Көктемнің жаңару күнінде айнала тазартылып, топыраққа дән түскен.

Осынау атаулы күнде мектеп ауласына үлкен киіз үй тігіліп, ән мен жыр, көріністер көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды.

Қала әкімінің орынбасары Құлбаев Жандос Ермекұлы тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Наурыз мейрамын тамашалауға жиылған тұрғындардың бірі де сыртта қалмай, атадан бата алған үлкенді-кішілер мектеп ұстаздары ұйымдастырған «Төрлет, Наурыз – жыл басы!» мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалап, ақ жаулықты аналар Наурыз мейрамына арнап шашу шашты. Сахна төрінде маң-маң басқан әжелер, ойнақтаған балалар бар өнерін паш етіп, қадір тұтар ағалар, ақсақалды аталар қошеметтеп қол соқты.

Наурыз құтты болсын! Жаңа жыл бақыт, тыныштық және молшылық әкелсін!

#наурызмейрамықұттыболсын
#ұлыстыңұлы
#мерекеқұттыболсын
#ақмолболсын
#жаңарукүніқұттыболсын💐

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *