🔸«Жаратылыстану – ғылым мен ғажайыптар әлемі» апталығының жоспары бойынша 10 сәуір күні 8-9 сынып оқушыларының арасында «Адам және табиғат» атты зияткерлік олимпиадасы өткізілді.
Мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндерінен функционалдық сауаттылығын, білімдерін, танымдық қабілеттерін дамыту және 8-9 класс оқушылары арасынан жаратылыстану пәндеріне қабілеті жоғары оқушыларды анықтап, мектептің олимпиадалық резерв құрамын толықтыру болды.
Олимпиадаға 8 – сыныптардан 21, 9-сыныптардан 10 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар І, ІІ және ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталады.
Өткізген география пәні мұғалімі: Г.Ш.Молдагазина
@mugalzhar_bilim_bolimi