ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 6-7 сынып оқушыларына арналған жиналыс өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты оқушыларға құқықтық сауаттылықты түсіндіру, құқықбұзушылықтың салдары жөнінде түсінік беру және дұрыс мінез қалыптастыру.
Жиналысқа арнайы қатысты Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Утепов Жасулан Алпысбаевич және мектеп-гимназия директоры Ибрашева Данагуль Дулатовна қатысып жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары негізінде атқарылға жұмыстар, және заңнамалық қағидалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда республикалық “ЖАСӨСПІРІМ” жедел профилактикалық іс шарасы 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында өткізілуде. Іс шараның басты мақсаты кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу болып табылады.
Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсізідігі мен тәртібіне басты назар аударып балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Екі күн ішінде полиция бөліміне 30 астам кәмелетке толмағандар ата анасының қарауынсыз белгіленген уақыттардан тыс уақытта жүргені анықталып жеткізілгендігі туралы хабарлаймыз.
@mugaljar_aydanynyn_akimdigi
@mugalzhar_bilim_bolimi
@polisia_mugaljar
@qandyagash_akimdigi
@bahraman_quanyshuly
