“Өнері мен спорты дамыған елдің өрісі кең” апталығы бастау алды!
📅 21 сәуір 2025 ж.
2025 жылғы 21 сәуірде мектебімізде 🏫 үйірмелер мен спорт секциялары апталығы аясында ерекше көңіл күй сыйлаған жарқын күн басталды! ☀️
Дүйсенбі таңын мектеп әкімшілігі мен үйірме жетекшілері 🤝 балаларды көтеріңкі көңіл күймен, әсем әуенмен 🎶 қарсы алып, сергек бастады. Таңғы жаттығу 🧘♂️🏃♀️ — күнді белсенді бастау мен денсаулықты нығайтудың ең үздік тәсілі. Бүгінгі ортақ жаттығу оқушыларға ерекше серпін беріп, алдағы апталыққа деген қызығушылықтарын арттыра түсті! ⚡️
Апталық аясында түрлі іс-шаралар 🎭, шеберлік сағаттары ✂️ және спорттық жарыстар ⚽️🥇 жоспарланған.
Басты мақсат — оқушылардың шығармашылық ✨ және спорттық қабілеттерін дамыту, таланттарын ашу!
Көңілді 😄, пайдалы ✅ әрі мазмұнды апталықтың бастамасы осылайша жарқын сәттермен басталды!
@mugalzhar_bilim_bolimi
#ӨнерМенСпорт2025 #МектепӨмірі #СалауаттыӨмірСалты