Skip to content

ТҮНГІ РЕЙД – ТЫНЫШТЫҚ КЕПІЛІ Ағымдағы жылдың 21 сәуір-1 мамыр…

ТҮНГІ РЕЙД – ТЫНЫШТЫҚ КЕПІЛІ

Ағымдағы жылдың 21 сәуір-1 мамыр аралығында оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен білім алушылардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүруі және қылмыстың алдын алу мақсатындағы Мұғалжар аудандық білім бөлімі жариялаған 10 күндік аясында №3 мектеп-гимназиясы түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырды.

Түнгі рейдке қоғамдық кеңес мүшесі, қоғам белсендісі А.Шарбосин, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Ж.Серікбаев, Е.Жеңісқали, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Р.Отаралин мен А.Болат жастар жиі шоғырланатын ойын-сауық орталықтарымен дүкендерді аралап, қатаң бақылау жасады.

Рейд барысында жасөспірімдердің құқықбұзушылық және басқа да келеңсіз жайттар орын алған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *