8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 9 «Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: Ана махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды, ұстаздар мен аруларды мерекелерімен құттықтау. Оқушыларды ұлттық құндылықтарға, мейірімділікке тәрбиелеу, анаға, ұстазға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Сынып жетекшісі Молдагазина Г.Ш.
