25 қазан -Республика күні.Мемлекетіміз үшін маңызды мереке қарсаңында мектеп-гимназияның 6”Б”сыныбы ата-аналармен бірге “Менің Республикама 25 түп жасыл сый” атты ағаш отырғызу рәсімін өткізді.Мемлекеттің басты байлығы-адам өмірі және оның ұрпағы.Әкенің ұрпақ тәрбиелеу секілді міндетінен бөлек рухани парызының бірі саналатыны – бала туылғанда жасалатын рәсім – «Ағаш отырғызу».Оның мәнісі – сол ағаштай көгеріп, өсіп, жайқалып, жемісін беріп, тамырласын деген киелі ой-тілектен туған.”Адамзат – өскен елінде,арша – өскен жерінде”демекші, оқушылардың бойына туған өлкесінің табиғатын аялау,қамқор болу қасиеттерін сіңіру мақсатында өткен шараның көш басында сыныбымыздың ардақты,қамқор әкелерінің бірі Серікбаев Мұрат Болатұлы және ауданымыздың сыйлы ақсақалы,сыныптың жанашыр атасы Шакаров Әлімбай Қалмұратұлы бар.Сынып сыйын қуана құп алған мектеп-гимназия директоры Данагүл Дулатқызы арнайы топырақпен және жабдықпен қамтамасыз етіп берді. “Қарағайға сүйеніп тал өсер”демекші,25 түп қылқанжапырақты ағаш көшеттері алдағы төрт-бес жылда бой көтеріп,оқушыларымыз мектеп бітіруші түлек атанғанда,мектеп ауласына сән беріп,көңіл ашар жұпар исімен жайқалып тұрады деп ырымдадық.
Сынып жетекшілер: Жанекешова Б.А.,Аяжан Аянқызы
@mugalzhar_bilim_bolimi
