2025 жылдың 16 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Идирисова Айна Алтыбайқызы 10 “Г” сыныбында А.Құнанбайұлының “Ескендір” поэмасы тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар поэманың тақырыбы мен идеясын ашумен қатар,Ескендір бейнесіне әдеби және моральдық тұрғыдан баға беруге бағытталған тапсырмалар орындады. Оқушылар топтық, жұптық және жеке жұмыстар арқылы шығарма желісін талдап, поэмадан көркемдегіш құралдарды тауып, өз пікірлерін дәлелді жеткізе білді.
