Skip to content

2025 жылдың 14 қазан күні «Тілім менің ғасырларға аманат» атты…

2025 жылдың 14 қазан күні «Тілім менің ғасырларға аманат» атты апталығы аясында 3 «А» сыныбында Ы. Алтынсариннің «Азға қанағат ет» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың басты мақсаты – әңгіменің мазмұнын толық меңгерту және оның тәрбиелік мәнін ашу, сондай-ақ мәтіннің негізгі идеясы мен кейіпкерлер іс-әрекетін талдауға үйрету болды. Сабақ барысында оқушылар әңгімені рөлдерге бөліп оқып, Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтырды. Бұл сабақ оқушылардың оқу, талдау, ойлау, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамытуға, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап беру қабілеттерін жетілдіруге, сонымен қатар «таға», «ұста», «шие», «қанағат ет» сияқты жаңа сөздермен сөздік қорын байытуға бағытталды.
Пән мұғалімі А. К. Оразова
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *