Skip to content

«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы » аясында колледж базасында…

«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы » аясында колледж базасында жоспарлы түрде орындалған «Бір мектеп – Бір дағды жобасы » өз мәресіне жетіп , еңбек пен жұмысшы мамандықтары өкілдерінің ел дамуына қосқан үлесін оқушыларға насихаттау, кәсіби бағдар бере отырып мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, дұрыс таңдауына ықпал ету, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жоба қорытыланды.

🔅Қандыағаш өнеркәсіптік -экономикалық колледжі мен Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы ынтымақтастық туралы меморандум аясында және Жұмысшы мамандықтар жылын іске асыру шеңберінде мектеп оқушылары жоспарланған 1 ай мерзімде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының « Аспаз » біліктілігі бойынша теориялық және практикалық білім алды.

🔅« Бір мектеп – Бір дағды» жобасы арқылы колледж бен мектеп өзара тиімді серіктестікті жүзеге асырып, оқушылардың кәсіби дамуына ықпал ететін, өңірлік еңбек нарығы мен қаламыздың даму перспективаларын ескере отырып, тиімді ерте кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *