2024 жылының 5 қаңтар күні Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында тірек мектеп ұстаздары мен магниттік мектептердің математика,химия,физика,биология,ағылшын тілінің пән мұғалімдері арасында онлайн семинар өтіп, тірек мектеп пен магниттік мектептер бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жоспары құрылған болатын.
17-18.01.2024 күндері тірек және магниттік мектептердің жұмысын тиімді ұйымдастыру бағытында Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімдері Айтимбетова Г.Т. және Қаражанова Г.Е. «Зерде» ғылыми жобалар байқауының аудандық, облыстық кезеңінің I орын жүлдегері Қуанышбай Нұрмен магниттік мектеп Ы.Мұхамеджанов атындағы орта мектепке барып, 7-8 класс оқушыларына «Электр үнемдеуіш технологиялар» тақырыбында ғылыми жобасын таныстырды. Жобаның алдында жақсы көңіл күй орнату мақсатында Айтимбетова Г.Т. «Өзіме, көршіме» атты тренинг ұйымдастырып, оқушыларға қызықты сұрақтар қойды. Оған қоса баламалы энергия көздерімен таныстырып, тәжірибелер көрсетті. Ғылыми жобаға тақырып қалай таңдаған дұрыс, қалай дайындалу керектігі жөнінде пікір алмасты. Соңында оқушылар түрлі тәжірибелер жасап көріп, сұрақтар қойып, жақсы көңіл күйде тарады.
#тірекмектеп
@mugalzhar_bilim_bolimi
