2024 жылдың ақпан айында 7 «Б» класс оқушыларымен «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа өсиет» тақырыбында дискуссия өткізілді.
Мақсаты: Ата- баба дәстүрі – ұрпаққа аманат ұғымының қыр сырына терең бойлай отырып, ата-баба дәстүрін оқушылар бойына сіңіру; Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттай отырып, ұрпақ жадында жаңғырту, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру. Шара барысында оқушыларға ең алдымен жағымды ахуал тудыру мақсатында «Өзіме-көршіме» тренингі өткізілді. Тренингтен соң, оқушыларды 3 топқа бөліп, І топқа – Қазақтың ұлттық ойындарын ата, бір ойынның жүргізілу ережесін айт , ІІ топқа – Берілген екі жол өлеңді, жалғастыру, ІІІ топқа Мақал-мәтелдердің жалғасын тап топтық тапсырмалары берілді. Әр топ топтық тапсырмаларын талқылады. Оқушыларға жалпы салт-дәстүрлер туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Өткізген: мектеп психологтары
@mugalzhar_bilim_bolimi

