Skip to content

2024 жылдың 27 ақпан күні №3мектеп-гимназиясының 7 “б” сынып оқушыларынан…

2024 жылдың 27 ақпан күні №3мектеп-гимназиясының 7 “б” сынып оқушыларынан құралған “Жас сарбаздар” патриоттық класы Мұғалжар аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен екі жақты меморандум аясында, Төтенше жағдай бөлімінің құтқарушыларымен кездесіп, бөлімшенің тыныс тіршілігімен танысты. Төтенше жағдайлар қызметкерлері кездесу барысында балаларды штаттан тыс жағдайларда дұрыс жүріс-тұрыс пен өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйретті.
Азаматтық қорғау қызметкерлері балаларға мектепте және тұрмыста өрт шыққан кездегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді, 112 шұғыл қызметтердің бірыңғай шақыру нөмірі, 101 өрт сөндіру қызметінің нөмірі туралы айтты. Сондай-ақ, құтқарушылар ауданымыздың Төтенше жағдайлар бөлімінің қызмет тарихына тоқталды.
Оқушылар экскурсия барысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби жұмыстары туралы қызықты әңігемелерге қанық болды. Қысқа мерзім ішінде биік қабатты ғимараттарға шығу, тілсіз жаумен алысу айла-тәсілдері, құтқару техникалары мен құрал-жабдықтары, үйінділер астындағы зардап шегушіні алып шығу, күрделі орындарға кіру тәсілдері оқушыларды тәнті етті. Барлық құтқару техникаларын тамашалаған балалар, өз кезегінде түрлі сипаттағы құтқару жабдықтары мен қорғау дулығаларын қызығушылықпен киіп көрді.
Іс-шара соңында оқушылар Азаматтық қорғау қызметкерлеріне алғысын білдіріп, естелікке суретке түсті .
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *