Skip to content

2024 жылдың 22 сәуір күні Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысы…

2024 жылдың 22 сәуір күні Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысы Аманжол Бахраман Қуанышұлы мен Мұғалжар ауданы полиция бөлімі бастығы полиция подполковнигі Бекжан Данияр Мұқамбетқалиұлы және Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Нұрбек Шайзадаұлымен бірге Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ер балалар жиналысы өткізілді. Бөлім басшысы Бахраман Қуанышұлы қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы төбелес,түнгі беймезгіл уақытта жүру, суық қару ұстау секілді құқықбұзушылықтардың азаймай тұрғаны көңіл қынжылтатын жеткізді. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың, келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталып, оқушыларға сапалы білім алуға, тәртіпті болуға, жауапкершілікті сезінуге шақырды.Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекеті,әрбір заңбұзушылықтың жазасы бар екендігі туралы түсіндіріліп, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің қатысуымен жиі жасалатын қылмыстар туралы статистикалық мәліметтер келтіріп, құқық бұзған жағдайда қолданылатын шаралар мен жазалар туралы полиция подполковнигі Данияр Мұхамбетқалиұлы баяндады.

@aqtobe_bilim_basqarmasy
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *