2024 жылдың 22 ақпан күні «Еңбегі адал жас өрен» жобасы негізінде «Менің өнеркәсіптегі бір күнім» тақырыбында «Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясы» КММ-нің 9-сынып оқушыларының ата-аналары Қандыағаш қаласы өнеркәсіптік техникалық колледжінде кәсіби бағыт бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысты. Колледж директоры Бек Байбулов пен оқытушылар ата-аналарды әр мамандыққа арналған, заман талабына сай техникалармен жабдықталған арнайы кабинеттермен, шеберханалармен және жатақханамен таныстырды. Ашық есік күніне қатысқан ата-аналар колледждің тыныс тіршілігімен танысып, шара соңында мерекелік кештің куәсі болды.
Ұйымдастырған: Ж. Саимова
@mugalzhar_bilim_bolimi








