Skip to content

2023 жылдың қараша айында 5-9 класс ата-аналары үшін «Ақыл айтпа,…

2023 жылдың қараша айында 5-9 класс ата-аналары үшін «Ақыл айтпа, жол көрсет. Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді» тақырыбында  тренинг сабақ өткізілді. Мақсаты: бейімделу кезінде балаларда физиологиялық және эмоционалдық өзгерістер болатынын түсіндіру. Ата-аналарды топқа жүрекше арқылы бөлінді, жүрекшеде топ нөмірі бейнеленген, ұялы телефонның жарығы арқылы қай топ екенін анықтап алды. Ата-аналарға «Бейімделу» сөзінің мағынасын ашу үшін, сұрақтар қойылды. Ата-аналар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап берді.  Балаңыз 5- ші класқа барғанда туындағын қиындықтар, мектептегі қиындықтары, баланыңбейімделуіне ата-ана ретінде қалай көмектесе аламын сұрақтары талқыланды. Ата-аналарға «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» 20 сұрақ қолшатырға ілінген, ата-аналар үзіп алып, сұрақтарға жауаптар берді. Ата-аналарға баланың отбасы үшін маңыздылығын ұғындыру мақсатында жұптық жұмыс жүргізілді. Ата-аналарды шапшаңдылық , төзімділік  қасиеттерін дамыту мақсатында «Лабиринт» әдісі арқылы топтық жұмыс орындады. Ата-аналарға 3 топқа кейс тапсырмалары берілді, кейсті топта талқылап, бір шешімге келіп қорғады.  Тренинг сабақ соңында ата-аналар сабақтан алған әсерлерімен бөлісу мақсатында «Таза су» рефлексия бөлімі өткізілді.
Өткізген: Жексенбаева Ж.Ә, Жалғасова Г. Т
мектеп психологы Уразалина М.Б
@mugalzhar_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *