Skip to content

💫 18 наурыз – Ұлттық киім күні 💫 🌷 Наурыз…

💫 18 наурыз – Ұлттық киім күні 💫
🌷 Наурыз мейрамы 🌷 – қазақ халқының терең тарихы мен мәдениетін айшықтайтын ерекше мереке. Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келе жатқан дәстүрі мен өнерін, ұлттық киімдеріміздің бай мұрасын дәріптеу үшін зор мүмкіндік. Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес 18 наурыз – Ұлттық киім күні болып белгіленді. 🌷

Ұлттық киімдеріміз – бабалардан қалған киелі мұра. Олар қазақ халқының рухын, тарихын, мәдениетін және өнерін айшықтайды. Әрбір ою-өрнек, әрбір нақыш өзінің терең мән-мағынасымен ерекшеленеді. Ұлттық киімдерімізді танып-біліп, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру біздің міндетіміз.

🌷 Ұлттық киім күніне орай мектеп-гимназиясында ерекше білімді қажет ететін оқушылармен және егіздермен ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды. Бұл шара ұлттық мәдениетіміздің әсемдігін, халықтың рухын, бірлігін білдіретін маңызды оқиғаға айналды.

Ұлттық киімдер – халқымыздың өткенін, бүгінін және болашағын байланыстыратын мәдени мұра. Сондықтан осы күнді ерекше атап өтіп, ұлттық өнерімізді ұлықтайық! 🌷🌷🌷

Ұйымдастырушылар: әлеуметтік педагог Ж. Умирзакова, Г. Дуйсенгали, психологтар М. Уразалина, Ж. Ахметбекова.

@mugalzhar_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@orken_instituty
@birtutas_tarbie_aqtobe
@birtutas_tarbie2024

#ҰлттықКиімКүні #Наурыз #ҰлттықМәдениет #ҚазақХалқы #Наурызнама #ҰлттықМұра

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *